Қыз балалардың құлағындағы алтын сырғаларын алдап алып кеткен бойжеткен ұсталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қыз балалардың сырғасын ұрлаумен айналысып келген қыз ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

19 жастағы бойжеткен қазір уақытша қамау орнында отыр.

«Азаматша ойын алаңындағы балалардың арасынан қыз балаларды тауып алып алдайды екен. Олармен сөйлесіп, құлақтарындағы сырғасын, алқасын шешкізіп алып тайып отыратын болған. Осылайша күдікті 4 баланы алдап соққан», - деді Әуезов аудандық ІІБ басшысының орынбасары Құмарбек Кеншінбаев.

Оның айтуынша, күдікті Алатау ауданында осыған ұқсас алаяқтық әрекеті үшін бұрын да қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

«Көп жағдайда балалар қылмыскердің түрін дөп басып суреттеп бере алмайды. Сондай-ақ ата-анасынан қорқып, алтындарын бір жерде жоғалтып алдым деп айта салады. Сондықтан, оның әрекетінен жапа шеккендер бұдан да көп болуы мүмкін. Ондай адамдар болса 298-53-01, 298-53-02 телефондарына хабарлассын», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар