«Қыз Жібек» операсы ашық аспан астында қойылады

«15-16 маусымда Бейбітшілік және келісім сарайының алдында елорда тұрғындары мен қонақтары үшін Дж. Вердидің «Аида» операсының қойылымы өтеді. Астананың көрнекті нышандарының бірі - Пирамида ғимараты шоу элементтерімен және арнайы отшашумен өтетін орасан зор қойылымның табиғи декорациясына айналады. Көрермендер мерекелік атмосфераны Пирамидаға жақындаған сәттен-ақ сезінетін болады. Салмақты сәулет құрылымының етегінде ақ боз ат мінген шабармандар да, алып бейнеинсталляция да үйлесімді көрініс табады»,-деді министр журналистерге арналған баспасөз мәслихатында.
Министрдің ақпаратына сүйенсек, 25 маусымда министрлік тағы бір ауқымды, өте танымал және күрделі жобаның бірі -Людвиг Минкустың «Дон Кихот» балетін ұсынады.
Спектакльдің қоюшы хореографы - Ресейдің Халық артисі, «Астана Опера» балетінің көркемдік жетекшісі Алтынай Асылмұратова. Қоюшы дирижері - Арман Оразғалиев, қоюшы суретшісі - ЭциоФриджерио (Италия), костюмдер бойынша суретші - Франка Скуарчапино (Итаплия).
«Сонымен бірге, қазақтың музыкалық мұрасын насихаттау мақсатында 14 шілдеде Е. Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсы қойылады, бұл жоба да айрықша ауқымды болады, ол да Бейбітшілік және Келісім сарайының алдында көрсетіледі деп күтілуде»,-деді министр.