Қыздарды Оңтүстік Кореяға құлдыққа сатып келгендер ұсталды

АЛМАТЫ. Қазақпарат - Алматыда қыздарды шетелге сатып келген қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Қыздарды Оңтүстік Кореяға құлдыққа сатып келгендер ұсталды

59 жастағы ер адам мен 33 жəне 26 жастағы екі  келіншекті Алматы əуежайында Ішкі істер желілік бөлімінің қызметкерлері ұстады.

ҚР ІІМ Көліктегі ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, тексеру барысында күдіктілер ҚР ҚК 394-бабының 2-бөлімінде көрсетілген қылмыс жасады деп айыпталып отыр. Яғни олар жас қыздарды алдап Оңтүстік Кореяға жезөкшелікпен айналысуға жіберіп отырған.

Бұл дерек қазір бірыңғай тергеу ісі тізіліміне тіркелді.

Тергеу шаралары жалғасып жатыр.