22:02, 11 Шілде 2016 | GMT +5
Қызғаныштан сүйіктісін өлтірген ОҚО тұрғыны 12 жылға сотталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кісі өліміне байланысты 1985 жылы туылған Р.П.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Бұл туралы аталған ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлады.
Тергеу материалдарына сәйкес, 2016 жылдың 22 наурызы күні сағат 19:30 шамасында сотталушы Р.П. спирттік ішімдік ішкен мас халде, қызғаныш салдарынан өзімен бірге тұрып келген жәбірленуші Г.А.-мен жанжалдасып қалады.
Содан сотталушы Р.П.-нің ойында жәбірленуші Г.А.-ны өлтіру ниеті пайда болып, асханалық тақтаймен басынан бірнеше соққы беріп, асханалық пышақпен жарақаттап өлтіреді.
Соттың үкімімен Р.П. тағылған айып бойынша кінәлі деп танылып, ол 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын түзеу колониясының қатаң режимінде өтеу белгіленді.
Үкім заңды күшіне енбеген.