Қызмет бабын асыра пайдаланған ІІД-нің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының екі қызметкері ұсталды

АСТАНА. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін елорда ІІД-нің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының екі қызметкері ұсталып, үшіншісіне қатысты іздеу жарияланды.
None
None

Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифинтге Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2009 жылы аумақтық өзіндік қауіпсіздік бөліністері ішкі істер органдары қызметкерлерінің заңға қарсы әрекеттерін анықтау және жолын кесу бойынша жедел-іздестіру және алдын алу іс-шараларын өткізді.Қаңтар айында Астана ІІД-нің өзіндік қауіпсіздік басқармасына қала тұрғыны хабарласып, полиция қызметкерлерінің оны қылмыстық жауапкершілікке тартпау үшін ақша бопсалағаны туралы шағымданды.Ол бас тартқаннан кейін полиция қызметкерлері оның машинасының құжаттарын иемденіп, келесі күні ақша әкелуін талап еткен», деді Қ. Жұманов.

Оның сөзіне қарағанда, жедел-іздестіру іс-шараларының барысында ІІМ өзіндік қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері 110 мың теңге алу кезінде қылмысқа қатысы бар адамды ұстады. «Оның машинасын қарау кезінде жәбірленуші көлігінің кілті мен құжаттары табылды. Осыдан кейін қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін ІІД-нің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының екі қызметкері ұсталып, қамауға алынды. Үшіншісіне қатысты іздеу жарияланып, оны ұстау бойынша шаралар қабылдануда», деді Қ. Жұманов.

Ағымдағы жылдың қаңтар айында полиция қызметкерлері жасаған 11 сыбайлас жемқорлық қылмыстары анықталды. Олардың 8-і ішкі істер органдары өзіндік қауіпсіздік қызметінің күшімен ашылды.

Соңғы жаңалықтар