Қызмет бабын пайдаланамын деп жарға жығылды - Қызылорда облысы
Тексеру нәтижесінде «Ақбұлақ бала-бақшасы» МКҚК-нің директоры Р.Итеменованың мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамға теңестірілген адам бола тұра, өз қызмет бабын пайдаланып, көрінеу жалған ресми құжаттар дайындау арқылы қызметтік жалғандық жасап, бірнеше рет ірі мөлшерде өзіне сеніп тапсырылған бөтен мүлікті барлығы 4 миллион 35 мың 678 тенгені иеленіп алу арқылы ұрлап, мемлекетке ірі мөлшерде мүліктік залал келтіріп, сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық жасағандығы анықталды.
Аталған факті бойынша Арал аудандық прокуратурасы «Ақбұлақ бала-бақшасы» МКҚК директоры Итеменова Райханға қарсы қылмыстық іс қозғады. Арал аудандық сотының үкімімен ол кінәлі деп танылып, 5 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталды. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.