Қызметкерлер мемлекеттік тілді оқыту курсын аяқтады...

Осы мақсатта Атырау облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес қызметкерлердің мемлекеттік тілді еш кедергісіз оқып, еркін меңгеруі үшін қажетті ұйымдастырушылық, материалдық және техникалық жағдай жасап, жыл сайын қызметкерлерді мемлекеттік тілге оқытуды ұйымдастырады, деп хабарлады Атырау облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті Ұйымдастырушылық жұмыс және бақылау бөлімінің басшысы Р. Өтебаева.
Мемлекеттік тілді дамытуды бүгінгі күнгі қоғам өміріндегі маңызды мәселе деп қарайтын департаменттің 9 қызметкері биылғы жылы да жасақталған келісімшартқа сәйкес Атырау облысы әкімі аппаратының «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту өңірлік орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында деңгейлік бағдарлама бойынша оқыту курсынан өтті. Курс барысында орталық қызметкерлері кеденшілердің тілді меңгеру деңгейін - қарапайым қарым-қатынас жасау деңгейінен құжаттарды өз бетінше дайындау және өз ойын мемлекеттік тілде емін-еркін жеткізе білу деңгейіне дейін бөле отырып, нақты қажеттіліктеріне сай оқытты, сондай-ақ кеден ісі саласындағы терминдер мен сөз тіркестерін оқыта отырып, мемлекеттік тілде іс қағаздарын және ресми құжаттардың жобаларын сапалы жүргізуге үйретті. Оқыту нәтижесінде тыңдаушыларға анықтамалар мен сертификаттар салтанатты түрде табысталды.
Қорыта айтқанда, Елбасымыздың «Әр мемлекеттік қызметші мемлекеттік тілді білуі қажет», «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде» деген қанатты сөзін әр азамат, әр мекеме, әр ұйым басты мақсатқа айналдырғанда ғана біз мемлекеттік тілімізді барша халықты біріктіретін тілге айналдыра аламыз. Бұл ретте мемлекеттік тілді үйрететін курстардың атқаратын рөлі орасан зор.