«Қызыл Жарты ай» қорының мерейтойы - Павлодар облысы

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарлық «Қызыл Жарты ай» қоғамы 75 жылдығын атап өтуде,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Азаматтар мен ұйымдардың ерікті көмектерінің арқасында «Қызыл Жарты айдың» облыстық комитеті мұқтаждарға көмек көрсетіп келеді. «Қызыл Жарты ай» өткен жылы алты қайырымдылық шарасын өткізіп, 1 мыңнан астам ауыл және қала тұрғындарына көмек көрсетті. Жаңа жыл қарсаңында мұқтаждық көріп отырған 70 отбасы азық-түлік жиынтығын алды. Қоғам өкілдері тұрмысы төмен азаматтарға Швециядан жіберілген киім-кешектер мен аяқ киімдерді таратты. Комитет жанында жастар орталығы жұмыс істейді ? 65 ерікті жастарды төтенше жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсетуге үйретуде, халықаралық гуманитарлық құқықтың нормаларымен таныстыруда, балалар мен жасөспірімдердің арасында салауатты өмір салтын насихаттауда. «Қызыл Жарты айдың» облыстық комитетінен хабарлағанындай, көптеген игі істер демеушілердің қолдауымен ғана мүмкін болып отыр. «Қазақстан алюминийі» компаниясы, «Ноко», «Кэмми», «Аслан» компаниялары, картон-рубероид зауыты және басқа да павлодарлық кәсіпорындар тұрақты демеушілік көрсетіп отырады.
Соңғы жаңалықтар