Қызылағаш ауылынан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Ақордаға жеделхат жіберілді

АЛДЫҚОРҒАН. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына су тасқынынан зардап шеккен Қызылағаш тұрғындары құттықтау жеделхатын жіберді,
None
None

деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. Бұл шешім маусымның 30-ы күні Қызылағаш тұрғындарына жаңа үйдің кілттерін табыс ету рәсімі барысында қабылданған болатын.

«Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Біз, соғыс пен еңбек ардагерлері, көп балалы аналар Қызылағаш ауылының барлық тұрғындары атынан Сізге қайғылы су тасқынынан кейін баспанасыз және өмір сүруге қажетті құралсыз қалған кезде бізді қиындықта қалдырмағаныңыз үшін алғыс айтамыз...», - делінген жеделхатта.

«...Біз әлем құрметтейтін, экономикасы дамыған, мықты мемлекетте өмір сүретіндігімізді мақтан тұтамыз. Біздің елде бейбітшілік, ұлтаралық келісім орнаған, біздің жас елордамыз - Астана гүлденіп, өсіп келеді.

Қазақстан ТМД мемлекеттері арасында ЕҚЫҰ-ға төрағалық етіп отырған алғашқы ел. Және де бұл сөзсіз, Сіздің еңбегіңіз.

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Сізді Астана күнімен құттықтаймыз!

Сізге еңбек және өмірлік жолыңызда жетістік пен сәттілік тілейміз!».

Жеделхатқа қол қойғандар: ауыл ақсақалдары кеңесінің төрағасы Мадинәзір Рахметов, Ақсу ауданы ардагерлер кеңесінің мүшесі Сайлау Алдабергенов, зейнеткер Дмитрий Юрковский, көп балалы ана Несіпжамал Алшынбаева, «Нұр Отан» ХДП ауылдық филиалының төрағасы Алқұмар Ыдырысов, ауған соғысының ардагері Серік Тынәлиев, шаруашылық қожалығының жетекшісі Александр Квитко мен жас ақын Ілескен Албатыр.

Соңғы жаңалықтар