Қызылағаш ауылында тағы да 200 жаңа үй пайдалануға беріледі
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, осы ауылда 139 үй, ал Ақтоған ауылында 6 үй пайдалануға берілген. Қазіргі таңда 304 үйдің қабырғасы қаланып, 125 үйдің төбесі көтерілді, олардың ішкі жөндеу жұмыстары аяқталып қалған.
Мәдениет үйі, әкімдік, орта мектеп, аудандық ішкі істер бөлімі тірек пунктінің жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр, бұрынғы мектеп-интернат ғимаратының 1-2-ші қабаты балабақшаға (120 орындық), 3-ші қабаты 12 пәтерге жаңартылуда. Сондай-ақ қоғамдық монша мен спортзалдың құрылысы жалғасып жатыр.
Ауылдың ішіндегі жолдар жөнделіп жатыр. Көше жарығы орнатылған. Жол жиектерінде шөп егіліп, оларды суару үшін арық жүйесі жасалады.
Ақтоған ауылында тағы да 25 тұрғын нысанның қабырғалары көтерілді, оның ішінде 7 үйдің төбесі жабылған. Сондай-ақ жаңа медициналық пунктің құрылысы жүріп жатыр, мектеп күрделі жөндеуден өтуде. Жұмысқа 270 құрылысшы жұмылдырылған.
В селе Егинсу кроме строительства 21 нового дома и капитального ремонта 54 домов, проводится капитальный ремонт школы на 640 и детского сада на 90 мест, сельского клуба, а также ведется строительство нового фельдшерско-амбулаторного пункта и ветлечебницы.
Егінсу ауылында 21 жаңа үйдің құрылысы мен 54 үйдің күрделі жөндеуінен басқа, 640 балаға арналған мектеп пен 90 балаға арналған балабақшаның, ауылдық клубтың күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, сондай-ақ жаңа дәрігерлік емхана мен мал дәрігерлік пункттің құрылысы жалғасуда.
Қалған барлық үйдің пайдалануға берілу уақыты шілденің 1-іне белгіленген. Құрылыс жұмыстарына жеті ұйымның 389 құрылысшысы тартылған.