12:35, 02 Сәуір 2010 | GMT +5
Қызылағаш ауылының балғындары «Балдәуренде» денсаулықтарын түзеп, тынығуда
КӨКШЕТАУ. Сәуірдің 2-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Бүгіннен бастап табиғат апатына душар болған Алматы облысы Қызылағаш ауылының 150 мектеп оқушысы Ақмола облысына қарасты Бурабай ауданында «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында демалыстарын өткізіп, тынығуда,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Орталық директоры Мұхитдин Төлебековтың айтуынша, қайырымдылық акциясы аясында ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйғарымымен апатты аумақтың балғындары екі апта бой жазып, денсаулықтарын нығайтып, білімдерін ұштай түспек. Осындағы жақсы жабдықталған спорт залы мен жабық жүзу бассейні, интерактивті кабинеттер мен мол кітап қоры бар кітапхана, жайлы жатар орын мен акт залы олардың игілігіне берілген. Білікті мамандар саяхатқа апарып, көрікті өлкенің сұлулығымен таныстыратын болады. Сан алуан спорттық сайыстар, көркемөнерпаздар байқаулары қарастырылған.