Қызылағашта Алакөл ауданынан келген үгіт бригадасы болды
«Қызылағаш жасыма, Алакөл қасыңда, Шаттық, мейрім ұяласын, әр шаңырақ басына!» атты қайырымдылық акциясы Алакөл ауданы әкімінің орынбасары Салтанат Меңлібаеваның кіріспе сөзімен басталды.
«Біз барлығымыз санаулы сағаттар ішінде 45 адамның өмірін қиып, үйлеріңізді жермен-жексен етіп кеткен қорқынышты түннің куәгері болдық. Бұның барлығы артта. Ауылдағы өмір жақсарып келеді. Қазір сіздер жаңа үйлерге қоныстанып жатырсыздар, мемлекеттік және жалпы жұртшылық көмегін алып жатырсыздар. Және де біздің бүгінгі мақсатымыз - бір күнге болсын сіздердің өмірлеріңізді жадырату», - деп атап өтті ол.
С.Меңлібаева жаңа қоныстанушыларға аудан әйелдерінің қолынан шыққан 150 сыйлықтарды табыс етті.
Іс-шара аудан әкімдігі мен Зейнеп Қойшыбаева атындағы Мәдениет үйінің әртістері дайындаған концерттік бағдарламамен аяқталды.
Қайғылы оқиғадан бері Алакөл ауданының әкімдігі су тасқынынан зардап шеккендердің қайырымдылық қорларына 7 млн. 600 мың теңге аударған. 3 млн. 100 мың теңгенің азық-түлік пен тұрмыстық тауарлары жіберілген.