Қызылорда әуежайы халықаралық мәртебе алады

«Қол жеткен келісімге сәйкес, компания Қызылордадағы Қорқыт Ата атындағы 200 адамға арналған жаңа терминалды қайта жөндеу бойынша жобалық-сметалық құжаттарды және жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін дайындауға көмек көрсетеді. Осы мақсатта Компания 150 млн. теңге көлемінде қайтарымсыз қаражат бөліп отыр», - делінеді таратылған хабарламада.
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев, жаңа терминалдың пайда болуымен өңірлік әуежайдың халықаралық мәртебе алатынын атап айтты: «Бұл сөз жоқ, облыстың инвестициялық тартымдылығын арттырады, оның нәтижесі Қызылорда өңірінің экономикасына оң әсер етеді».
«Қазгермұнай» БК» ЖШС Қызылорда облысындағы ірі жер қойнауын пайдаланушылардың бірі болып табылады, кәсіпорын Ақшабұлақ, Нұралы кен орындары және Ақсай Оңтүстік-Торғай ойпатында өз қызметін жүргізіп отыр. Сонымен бірге аталған компания ұлттық компанияның әлеуметтік саясатын толықтай жүзеге асыруға ат салысуда, біздің қызмет құрамында бұрынғысынша негізгі тетік болып қалады», - деп атап айтты қол қою рәсімінен соң сөйлеген сөзінде «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ бас директоры Абат Нұрсейітов.