Қызылорда ауылында мектептің жанып кетуі оқиғасына байланысты кеңес өтті

ҚЫЗЫЛОРДА. 12 қазан. ҚазАқпарат - Қызылордада облыстық Мемлекеттік қызметшілерді және бюджеттік сала қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығында семинар-кеңес өтті.
None
None

Жиын таяуда Жанақорған ауданындағы №180 «Қызыл мақташы» орта мектебінде орын алған өрт оқиғасына арналды.

Семинар-кеңеске Қызылорда қалалық білім бөліміне қарасты барлық мектеп директорлары мен шаруашылық меңгерушілері қатысты.  Үкіметтің 2009 жылғы 16 қаңтардағы №14 қаулысымен бекітілген «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламенті және ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №1682 қаулысымен бекітілген «Өрт қауіпсіздігі ережесінің талаптары» қатысушылардың қаперіне тағы бір салынды.

Семинар соңы талқылау пікірталасына ұласты.

Соңғы жаңалықтар