Қызылорда азық-түлік бағалары ең арзан аймақтардың бірі болып отыр

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. Мамырдың 19-ы. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) –Қызылорда облысы республика аймақтары ішінде 2008 жылды арзан бағалы өңірлер қатарында қорытындылаған еді.
Инфляцияны тежеу бағытындағы шаралар үстіміздегі жылы да тиісті жемісін беруде. 2009 жылдың сәуір айында наурызбен салыстырғанда инфляция көрсеткішін сипаттайтын тауарлар мен қызмет түрлерінің бағасы облыста 0,5 пайызға өскен. Ал Қазақстандағы оның орташа өсімі 0,8 пайызды құрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Аталған кезеңде Алматы, Маңғыстау, Қызылорда және Қарағанды облыстары еліміздегі ең арзан бағалы аймақтар көшін бастады. Ал қымбат өңірлер қатарын бұл кезеңде Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары құрап отыр. Соңғы ай ішінде Қызылорда облысы инфляция құрамында азық-түлік бағалары бойынша ең арзан аймақтар қатарына енді. Ал азық-түлік тауарларының қымбатшылығы бүгінгі таңда Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстары мен Алматы қаласында байқалды.Инфляция бойынша облыстың 2008 жылғы сәуір айымен салыстырғанда үстіміздегі жылғы сәуір айындағы нәтижелері тәуір көрсеткіштерді еңсеріп отырғанын атап өту маңызды. Осы кезеңде Қазақстандағы инфляция өсімінің орташа көрсеткіші 8,8 пайыз болса, облыста ол 7,7 пайыз құрайды. Бұл жыл көлемінде алғанда да облыста инфляцияны тежеу бағытында атқарылған шаралардың өз жемісін бергенін айғақтайды.2009 жылғы наурыз айымен салыстырғанда сәуір айындағы инфляция өсімі Қазақстан аймақтары бойынша төмен көрсеткіштермен сипатталады.
Соңғы жаңалықтар