Қызылорда қалалық мәслихатына өткен депутаттар белгілі болды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат – Қызылорда қалалық мәслихатына сайланған депутаттар белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда қалалық мәслихатына өткен депутаттар белгілі болды

Қызылорда қалалық сайлау комиссиясының мәліметіне сүйенсек, сайлаушылар тізімдеріне 191412 азамат енгізілді.

Дауыс беруге 79885 сайлаушы қатысты. Кандидаттардың жалпы саны - 80 адам.

Сайлау қорытындысына сәйкес Қызылорда қалалық мәслихатына

№ 1 сайлау округінен Ибайдулла Кұттықожаев,

№ 2 сайлау округінен Нұрлан Тұрғанбаев,

№ 3 сайлау округінен Бахтияр Сыздықов,

№ 4 сайлау округінен Ғибрат Байсейітов,

№ 5сайлау округінен Бейбіткүл Каримова,

№ 6 сайлау округінен Мұса Абдукаликов,

№ 7 сайлау округінен Әбдіғабит Әбіләзім,

№ 8 сайлау округінен Талғат Мақашов,

№ 9 сайлау округінен Әжібек Мампаев,

№ 10 сайлау округінен Бауыржан Төлеген,

№ 11 сайлау округінен Ділмұхамед Абизов,

№ 12 сайлау округінен Жасұлан Жарасбаев,

№ 13 сайлау округінен Ибраким Басикараев,

№ 14 сайлау округінен Еркін Базарбай,

№ 15 сайлау округінен Айгүл Мұсабаева,

№ 16 сайлау округінен Маржан Бисенова,

№ 17 сайлау округінен Раушан Ысқақова,

№ 18 сайлау округінен Ерлан Нұртазаев,

№ 19 сайлау округінен Жаннат Садуақасова,

№ 20 сайлау округінен Бауыржан Еркебаев,

№ 21 сайлау округінен Мақсат Жүсіп,

№ 22 сайлау округінен Ақманат Төлегенова,

№ 23 сайлау округінен Мейрамбек Есжанов сайланды.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында мәслихат сайлауының қорытындысы шыққан еді.