Қызылорда қаласында 13400 түп көшет отырғызылады
«Көшелерге жергілікті тұқымбақтардан келетін қара тал мен сыр талы егіледі. Сырдың сүреңсіздеу табиғатына бұл ағаштар төзімді. Жас шыбықтар С.Бейбарыс көшесінің қиылысынан бастап Бөкейхан көшесінің қиылысына дейін сонымен бірге қаланың басқа да сквер аллеяларына егіліп, көркейту жұмыстары жүргізілетін болады. Бұл бағытта түрлі гүлдер мен газондар отырғызылып аяқ су баратын арық жүйелеріне, атап айтқанда, Сыр сүлейлері сквері, Астана даңғылы Жібек жолы көшесінен М. Шоқай көшесіне дейін, Абай даңғылы Ділманов көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейін, Бөкейхан көшесі Абай даңғылынан Яссауи көшесіне дейін, Қонаев көшесі Журба көшесінен Қыдыров көшесіне дейін, Жібек жолы көшесі С.Бейбарыс көшесінен Қызылжарма каналына дейін, С.Бейбарыс көшесі Жібек жолы көшесінен Бекшора көшесі дейін 13400 көшет отырғызылатын болады», - дейді Б. Мәмен.