Қызылорда қаласында 14 шақырым жылу жүйесі қайта жаңғыртылды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында 14 шақырым жылу жүйесі қайта жаңғыртылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айту керек, соңғы жылдарда өңірде жылу жүйесін қайта жаңғырту жұмыстарына ерекше мән беріліп келеді. Бұл жобалар «Нұрлы жер» және «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламалары аясында жүзеге асты. Бағдарлама бойынша Қызылорда қаласында 14 шақырым жылу жүйесін қайта жаңғырту іске асырылды.

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова жылу беру маусымына дайындық мәселесіне баса назар аударып отыр. Осы орайда облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Руслан Нұрмағанбетов аймақ башысымен жүздесуінде жылу маусымына дайындық барысы жайында әңгімеледі. Сондай-ақ, ол коммуналдық кәсіпорындардың жөндеу жұмыстарының қалай жүріп жатқанын баяндады.

«Аймақта алдағы жылу беру маусымында әлеуметтік саладағы 1 185 әлеуметтік сала нысанға 39,5 мың тонна қатты және 26 мың тонна сұйық отын қажет болып тұр. Ал жергілікті тұрғындар 163,6 мың тонна көмір пайдаланады. Бүгінде 25 мың тонна көмір бар. Облыста көмір бағасының өсуіне жол бермеуге назар аударылған. Бұл мақсатта көмір өндіретін кәсіпорындармен тікелей келісім-шарт жасалуда. Қазір коммуналдық кәсіпорындардың жөндеу жұмыстары 66%-ға орындалды. Оған қоса әлеуметтік сала нысандар және автономды қазандықтарды жөндеу 81%-ға жуықтап отыр. Сондай-ақ, орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған көп қабатты тұрғын үйлердің дайындығы бүгінде 70%-ды құрайды», - деді басқарма басшысы.

Облыста әлеуметтік нысандарға жүргізілетін жылу жүйесін жұмыстары бойынша есепті тыңдады. Биыл өңірде 1185 әлеуметтік сала нысандарының жөндеу 81%-ға орындалған. Оның ішінде 432-і білім, 312-і мәдениет, 247-і денсаулық сақтау салаларын қамтиды. Одан өзге 460 кіші қазандықты жөндеу атқарылды. Биыл облыс бойынша 19 әлеуметтік нысанның жылу қазандығын газ отынына бейімдеу жоспарланып отыр.

Жүздесу барысында облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова басқарма басшысына жылу маусымы дейін қажетті шараларды кезең-кезеңімен іске асыру қажеттілігін міндеттеді. Оған қоса жылу жүйелері талапқа сай уақытылы дайын болуы тиіс. Бұл ретте қысқа дайындық мәселелері облыстық штабтың тұрақты бақылауында болады.

Сондай-ақ, Қызылорда облысының Сырдария ауданында 2 тұрғын үй іргетасы қаланды.

Соңғы жаңалықтар
telegram