Қызылорда қаласында 4 айда 412 млрд. теңгенің өнеркәсіп тауарлары өндірілді

ҚЫЗЫЛОРДА. 28 мамыр. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласының кәсіпорындары биылғы жылдың 4 айы ішінде 412 млрд. 157 млн.теңгенің өнеркәсіп тауарларын өндірді.
None
None

Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қызылорда қаласының экономикасында тұрақты өсім қалыптасып, даму көрсеткіштері артуда.Облыста өндірілген өнімнің 95 пайызының Қызылордаға тиесілі болуы, қаланың стратегиялық маңыздылығын айқындайды. Биылғы жылдың 4 айының қорытындысымен қаланың өнеркәсіп кәсіпорындары 412 млрд. 157 млн.теңгенің өнеркәсіп тауарларын өндірді»,- деді облыс әкімдігінде өткен Қызылорда қаласын дамыту мәселелері туралы кеңейтілген мәжілісте қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев.

Соңғы жаңалықтар