Қызылорда қаласында «Алтын күз» жәрмеңкесі өтіп жатыр

«Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қала күні аясында өтіп жатқан «Алтын күз» жәрмеңкесін аралап көрді. Облыс орталығына жеті ауданның өкілдері арзандатылған бағамен сүт және ет өнімдерін, шұжық түрлерін, балық, жеміс-жидек, көкөніс-бақша өнімдерін әкелді. Олар қаладағы әдеттегі бағалардан 10-20 пайызға дейін төмен. Қала тұрғындары бұл тауарларды белсене сатып алуда. Осы жәрмеңкенің жанында аудандар өнерпаздары мерекелік концерт беріп жатыр», - делінген хабарламада.
Осында жұртшылықпен кездескен облыс басшысы ауыл шаруашылығы еңбеккерлерін кезекті жылды табысты қорытындылауларымен құттықтады. Ол өз сөзінде ауыл еңбеккерлеріне берекелі еңбектеріне әрдайым мемлекет тарапынан әр түрлі қолдаулар болып тұратынын айтты. Осы ретте облыста «Агробизнес-2020» бағдарламасын жүзеге асыру, күріш кластерін құру, ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуға жәрдем беру шаралары өзінің жемісін беруде.