Қызылорда қаласында ауызсу тапшылығын жою үшін жаңа ұңғымалар іске қосылмақшы

ҚЫЗЫЛОРДА. Шілденің 2-сі. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Сыр бойындағы бас қалаға жақында ғана әкім болып тағайындалған Мархабат Жайымбетов облыс орталығының коммуналдық жүйелері мен салынып жатқан құрылыс нысандарын аралауы барысында осыны айтты.
None
None

Өз шаруашылығымен етене танысуды аса маңызды стратегиялық нысан - Тасбөгет кентінде орналасқан су тарату кешені жұмысын көруден бастаған жаңа басшы мұндағы барлық сорғы агрегаттары автоматтандырылатынын мәлімдеді. Бұл өз кезегінде ауызсудың сапасын да жақсартады. Қазіргі күндері мұнда сүзгілерді алмастыру жұмыстары жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар