Қызылорда қаласында белгілі қаламгер Тойбазар Елемесовтің атына көше берілді

ҚЫЗЫЛОРДА. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Жақында Қызылорда қаласының әкімі және қалалық мәслихаттың шешімдерімен Сыр елінің перзенті, журналист Тойбазар Елемесовтің атына көше берілді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тойбазар Елемесов соғыс жылдарында және оның алдындағы кезеңдерде облыстық "Ленин жолы" газетінде, Арал аудандық, Қостанай облыстық басылымдарында редактор болған, өмірінің соңғы жылдарында ақпарат құралдары мен мәдениет саласында жауапты жұмыстар атқарған.

Елемесовтер әулеті қала басшылығының бұл шешімдеріне ризашылықтарын білдірді.

Қызылорда қаласында соңғы жылдары журналистер есімін қадірлеу дәстүрі қалыптасты. Содан болар, журналистер - Ұзақ Бағаев, Қайыпназар Қауымбаев, Базарбай Сарбасов, Құрманғали Ажаров, Орман Нұрхабаев, Жақсылық Түменбаев, Жақсылық Бекқожаев, Мырқы Исаев есімдерін иеленген көшелер қатарға қосылды.

Соңғы жаңалықтар