10:20, 26 Тамыз 2010 | GMT +5
Қызылорда қаласында өтетін «Арал күндері» қарсаңындағы шаралар басталып кетті
ҚЫЗЫЛОРДА. Тамыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысы Арал ауданында жақында облыс орталығында өткізілгелі тұрған «Арал күндері» қарсаңындағы мерекелік шаралар өтіп жатыр. Осы акцияның аясында кеше аудандық ішкі саясат бөлімі және «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалының

ұйымдастыруымен Конституцияның 15 жылдығы мерекесі қарсаңында «Ата заңым - айбарым» атты мәдени кеш өтті. Кешке аудан тұрғындарымен бірге көршілес Қазалы, Қармақшыдан арнайы өкілдер қатысты.Шараны аудан әкімінің орынбасары Көлбай Данабаев ашып, той қарсаңында аймақта атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Елбасының айрықша қамқорлығындағы өңір бүгінде жылдан-жылға көркейіп келеді. Көптеген алып нысандар салынып, типтік үлгідегі мектептер, ауруханалар ел игілігіне берілді. Тұрғындар сапалы ауызсумен толық қамтылды.
Тойға Алматыдан арнайы кино түсіру тобы келді. Олар хронометражы жарты сағаттық деректі фильмде Аралдың болашағының кемел екендігін желіге арқау етіп алмақшы.