Қызылорда қаласында жеке үйден өрт шықты

АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат - 6 желтоқсанда Қызылорда қаласындағы Шымбай көшесіндегі жеке үйде газдың атылуынан өрт шықты, деп хабарлады ТЖМ-нің баспасөз қызметі.
None
None

Өрт 10.32 минут кеткенде басталып, 12.04 минут кеткенде сөндірілген. Жалынды ауыздықтауға Қызылорда облысы ТЖД жеке құрамының 16 адамы, 3 бірлік техникасы қатысты.

Жалын шарпыған аумақ 56 шаршыметрді құрайды. Күйік шалған 40 жастағы азаматша мен 11 жасар бала аураханаға жатқызылған.

Соңғы жаңалықтар