07:58, 20 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Қызылорда қаласында «Жол картасына» сәйкес көп қабатты тұрғын үйлер жөндеуден өткізілуде
ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 20-cы. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда қаласында «Жол картасына» сәйкес көпқабатты үйлердің аулалары жөнделіп, қайта қалпына келтірілуде.

Қазіргі уақытта облыс орталығында орналасқан 28 көп қабатты тұрғын үйлердің және өзге де құрылыс нысандарының сыртқы фасады қайта қалыпқа келтірілді. Атап айтқанда, Абай даңғылы, Жібек жолы, Тасбөгет кентіндегі Ғ.Мұратбаев, Қорқыт ата көшелерінің бойында орналасқан көпқабатты үйлердің сырты, балкондары сырланып, су және кәріз жүйелері қайта жүргізілді. Сонымен қатар, осы көшелердің бойындағы кіші және орта кәсіптік ғимараттар алюкобонд панелімен қапталып, аулаларына гүлзар егілген.