11:50, 07 Сәуір 2010 | GMT +5
Қызылорда қаласындағы «Ұмай» қайырымдылық үйі «Ерекше балалар» аталымына ие болды
ҚЫЗЫЛОРДА. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Алматы қаласында өткен әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінде Қызылорда қаласындағы «Ұмай» қайырымдылық үйі «Ерекше балалар» аталымына лайықты саналғандар қатарында болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ҚР Парламенті депутаттары, мемлекеттік емес ұйымдар мен бизнес құрылымдары өкілдерінен тұратын арнайы комиссия қарауына 175 мемлекеттік емес ұйымнан 230 жоба ұсынылды. Бұл жәрмеңкеге біздің облыстан 8 құрылым қатысқан болатын.Жоба авторы әрі жетекшісі - 11 жылдан бері облыс орталығында жұмыс істеп келе жатқан «Ұмай» қайырымдылық үйінің директоры Анар Ізден.