Қызылорда қаржы полицейлері бюджет саласына 293,3 млн. теңге залал келгенін анықтады

ҚЫЗЫЛОРДА. 4 ақпан. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз хатшысы Раушан Мәмекованың хабарлауынша,
None
None

қаржы полицейлері өткен жылы бюджет саласында мемлекет қаражатын талан-таражға салу фактісі бойынша 293,3 млн. теңге залал келгенін анықтаған. Осының негізінде 112 қылмыстық іс қозғалған.

Осы санатта облыстық энергетика және коммуналдық басқармасының бұрынғы бастығы Е.Сұлтангереев пен оның орынбасары В.Мұхамедияровтің үстерінен қозғалған қылмыстық іс таяуда сотқа тапсырылды. Олар жалған құжат жасау арқылы, қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланып, 2008 жылы облыстық медициналық орталығы және өкпе ауруына қарсы күрес диспансерінің жылу қазандықтарын ілеспе газға ауыстыру жұмыстарын жүргізу барысында бюджеттің 89 млн. теңге қаражатын талан-таражға салған.

Сол сияқты мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру кезінде жасалатын бюджет қаражатын ұрлау мемлекетке айтарлықтай залал келтіруде. Сондай деректер бойынша департамент 21қылмыстықіс қозғады.

Соңғы жаңалықтар