15:52, 23 Ақпан 2016 | GMT +5
Қызылорда кәсіпкері мысыр тауығын өсіруде
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Шиелі кентінің тұрғыны Болат Бәйімбет былтырдан бері құс өсіре бастады. Ол мысыр тауығының еті мен мамығын алу үшін өсіруге грант жеңіп алған еді. Бұл туралы Шиелі аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кәсіпкерге 2 млн теңгенің грант қаржысы берілген соң, ол Талдықорғаннан 60 тауық пен 100 балапан әкелген. Жаңа кәсіпті қолға алған Болат көктемге балапан шығару үшін инкубаторда жұмыртқа бастыруға дайындық үстінде. Осылайша кәсіпкер жас балапандарды көбейтіп, құс санын арттыруды көздеп отыр.