Қызылорда көшелері туралы жинақ жарық көрді

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. Мамырдың 20-сы. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ – ?Қызылорда көшелері? атты жинақ баспа жүзінен жарыққа шықты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл кітап негізінде Қызылорда қаласының 190 жылдығына, екінші жағынан Қызылорда облысының 70 жылдығына жасалған үлкен тарту болмақ. Өйткені Қызылорда қаласындағы 400-ге жуық көшенің 273-і белгілі мәдениет, ғылым қайраткерлері, ақын-жазушылары, еңбек майталмандары мен аты аңызға айналған ел қорғаған батырлардың есімдерінен сыр шертеді. Кітап қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде басылған. Көшелерге аты берілген кісілердің өмірбаяндық деректері мен суреттері ұсынылған.Кітапты шығарушылар Сәбит Иманғалиев пен Зүбайра Қыстаубаева.
Соңғы жаңалықтар