Қызылорда облыстық Ішкі істер органдары ардагерлерін зейнеткерлікке шығарып салды

Кеше мұнда тағы сондай шара болып өтті. Департаменттің мәжіліс залында алдымен ішкі істер департаменті бастығының кадр жұмыстары жөніндегі орынбасары Бекбай Райымбековті зейнеткерлікке шығарып салу рәсімі болды.
Райымбеков Бекбай Тасполатұлы Ішкі істер органдарындағы қызметін 1983 жылы Қызылорда қалалық атқару комитеті ішкі істер бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекциясының учаскелік инспекторы лауазамынан бастаған.
Салтанатты жиында сөз сөйлеген облыстық ішкі істер департаментінің бастығы полиция полковнигі Әлімхан Әбжанов Б.Райымбековтің мінсіз қызметіне дән риза екендігін білдіріп, зейнет демалысына сәттілік тіледі. Ардагердің иығына шапан жауып, бағалы сыйлықтар табыс етті.
Бұл күні департаменттегі полиция подполковнигі Фарида Әденова мен Рәш Асанова да қошеметке бөленді.