Қызылорда облыстық қаржы полициясы өз қызметкерінің үстінен қылмыстық іс қозғады

Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметінен хабарлады.
Атап айтқанда, департаменттің аға тергеушісі Бақытжан Мұхтаровқа қызмет бабын теріс пайдаланды деген айып тағылып отыр. Мәселен, қаржы полициясының қызметкері айыпталушы И.Шахаевпен алдын ала сөз байласу арқылы 2012 жылғы 9 шілдеде «Көркейту» МКК-ге өз атынан хат жолдап, аталмыш кәсіпорынның автотұрағында сақтаулы тұрған, құны 1,8 млн. теңге болатын, күдіктінің ісін сотқа жолдау үшін қылмыстық істің айғақты заты болып табылатын - мұнай өнімдері бар авторцистернаны шығарып алған деген күдік бар.
Оған сондай-ақ 2012 жылғы қаңтарда «Нұрмағамбетов» жеке кәсіпорнының мұнай терминалының қызметкері Э.Мұқановқа басқа қылмыстық іс бойынша айғақты зат болып табылатын, құны 1,2 млн. теңгелік мұнай өнімдерін жарата беруге ауызша рұқсат берді деген күдік келтірілуде.
Аталған қылмыстық іс бойынша қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.