08:06, 08 Қазан 2012 | GMT +5
Қызылорда облыстық құрылыс басқармасының қызметкері 5 жылға сотталды
ҚЫЗЫЛОРДА. 8 қазан. ҚазАқпарат - Қызылорда облыстық құрылыс басқармасының бұрынғы бөлім бастығы мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізу барысында қызметтік жалғандық жасау және ауыр зардаптарға жол бергені үшін сот арқылы жазасын алды.

Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
Ол қызмет бабын кереғар пайдаланған қызметкер жасалған қылмыстарға сезікті ретінде жауап беріп жүргеніне қарамастан, жеке кәсіпкерден мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпазы болып танылуы үшін ақша талап еткен. Ақыры 23 000 АҚШ доллар көлемінде пара алып жатқан жерінде қаржы полициясы қызметкерінің қолына түсті. Осыған байланысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу нәтижесімен сотқа жолданған қылмыстық іс қаралды. Ал соттың үкімімен Ж.И кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.