Қызылорда облыстық мәслихаты бюджетті қайта қарады

ҚЫЗЫЛОРДА. 9 сәуір. ҚазАқпарат - Қызылордада облыстық мәслихаттың кезектен тыс IV сессиясы өтті.
None
None

Онда облыстық мәслихаттың 2011 жылғы 6 желтоқсанда қабылдаған «Облыстың 2012-2014 жылдарға арналған бюджеті туралы» №330 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселе қаралды.

Күн тәртібіндегі осы жалғыз мәселе бойынша облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Балжан Шәменова баяндама жасады. Ол өз сөзінде экономикалық өсім бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайтуға мүмкіндік беріп отырғанын айтты. Жыл ішінде өсім 40 пайызды құраған. Басқарманың бастығы сонымен бірге, бюджет жобасын талқылау барысында туындаған депутаттардың көптеген сұрақтарына толыққанды жауап қайтарды.

Үстіміздегі жылы даңқты Бұқарбай батырдың туғанына 200 жыл толады. Осыған орай бірқатар депутаттың ұсыныстары Жалағаш аудандық мәдениет үйін жөндеу, Жалағаш кенті мен Бұқарбай батыр ауылына батыр мүсінін орнату жайына арналды. Қармақшы ауданы облыстағы оқушылардың жазғы тынығу лагері жоқ жалғыз өңір болып отыр. Сессияда осы лагерьдің құрылысы туралы да ой қозғалды. Қазір оның сметалық құжаттамасы дайындалуда. Қазалы ауданының Бірлік және Аранды ауылдарында жаңа мектептер үйлерінің құрылысын салу мәселесі әлеуметтік нысандар тізіміндегі кезекке сәйкес шешілетін болды.

Ал депутат Қылышбек Әбішов, Қармақшы ауданының 7 елді мекеніне ауыз су жеткізу қажеттілігі жайлы мәселе көтерді. Тұрғындар сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету проблемасымен бүгінде республикалық «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында шешіліп жатқаны белгілі. Облыста аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру биылғы жылы жалғасады. Мұның үстіне әр үйге су кіргізу үшін облыстық бюджет арнайы қаржы қарастырып отыр. Депутаттардың пікірі бойынша, спорт кешендерін салу жайы да өткір күйінде тұр. Оған әсіресе, Жаңақорған ауданы қатты мұқтаж. Б.Шаменованың айтуынша, спорт құрылыстарын салу жөніндегі қажетті құжатнамалар дайын, енді тиісті министрлікте қаржы бөлу мәселесі қаралуы тиіс.

Сессия қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылдады. 

Соңғы жаңалықтар