Қызылорда облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы тағайындалды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімінің өкімімен бұл қызметке Мақашов Сұлтан Ысқақұлы келді.

С. Мақашов 1961 жылы дүниеге келген. Қазақ химия-технологиялық институтын және Қызылорда экономика, экология және құқық университетін бітірген.

Еңбек жолын 1978 жылы Қазалы ауданы Жаңақазалы коммуналдық кәсіпорындар комбинатында слесарь ретінде бастаған.

1984-1995 жылдары – Қазалы аудандық №86 жылжымалы механикаландырылған колоннада бригадир, шебер, аға прораб, №2 азаматтық құрылыс мекемесінде бас инженер, №86 жылжымалы механикаландырылған колоннаның жоспарлау бөлімінің бастығы болған. 1995-2015 жылдары – Қазалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы, Қазалы ауданының бас сәулетшісі, Қызылорда облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы Қазалы филиалының директоры, Қазалы ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.

Ал 2015-2020 жылдары - Қармақшы және Жаңақорған аудандарының әкімі болса, 2020 жылдан бастап осы кезге дейін Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.


Соңғы жаңалықтар