Қызылорда облыстық соты ұжымы жаңадан тағайындалған судьялармен толықты

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облыстық сотының жалпы отырысында облыстық сот төрағасы Н.Қайырбеков облыстық сотқа жаңадан тағайындалған судьяларды таныстырды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы соттарының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы» 2016 жылғы 31 мамырдағы № 271 Жарлығымен Әбдіқанов Сәбит Әділұлы Қызылорда қаласы №2 сотының судьясы қызметінен, Қаниева Клара Қармақшы аудандық сотының судьясы қызметінен және Маликова Шолпан Маратқызы Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы қызметінен босатыла отырып, Қызылорда облыстық сотына судья қызметіне тағайындалды.

Әбдіқанов Сәбит Әділұлы 2008 - 2014 жыл аралығында Қызылорда қалалық сотының судьясы, 2014 - 2016 жылдың маусым айы аралығында  Қызылорда қаласының №2 сотының судьясы қызметтерін атқарған.

Қаниева Клара 1994 жылдың наурыз айынан 1996 жылдың қараша айына дейін Қармақшы аудандық сотында әкімшілік және атқарушылық іс жүргізу судьясы, 1996 жылдан бастап 2016 жылдың маусым айына дейін Қармақшы аудандық сотының судьясы қызметтерін атқарған.

Маликова Шолпан Маратқызы Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 26 желтоқсандағы №1690 Жарлығымен Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы лауазымын 2016 жылдың маусым айына дейін атқарған.

Облыстық соттың төрағасы Н.Қайырбеков жаңадан тағайындалған судьяларды құттықтап, алдағы қызметтеріне жеміс пен сәттілік тіледі.

Соңғы жаңалықтар