Қызылорда облыстық сотында өткен жылғы атқарылған жұмыстар қорытындыланды

ҚЫЗЫЛОРДА. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Облыстық сотта сот әділдігін жүзеге асыру барысында өткен жылы атқарылған жұмыстар қорытындыланды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс соттарының бұл жалпы отырысына ҚР Жоғарғы сотының судьясы Әділ Құрықбаев, облыс судьялары және облыстық соттар әкімшісі қатысты.

Облыстық сот төрағасы Марат Сабырбаев күн тәртібіне ұсынылған бірнеше мәселелерді атап өтті. Жиында облыс соттарының азаматтық істерді қарау жұмысы жөнінде кассациялық алқа төрағасының міндетін атқарушы Қайрат Адыранов өткен жылы облыс соттарында қаралған азаматтық істер саны 10628-ге жетіп, процессуалдық мерзімдері бұзылып қаралған істер болмағанын мәлімдеді. Азаматтық істердің басым көпшілігі Қызылорда қалалық сотында (46,8 пайыз) қарал­ды. Есепті кезеңде прокурордың наразылығымен түскен істер күрт азайды. Аудандық және оған теңес­тірілген соттар істерінің апелляциялық тәртіпте қарау көрсеткішінің едәуір өскендігі байқалады. Яғни, бұл 513 істі құрайды. Дегенмен, апелляциялық тәртіппен бұзылған және өзгертілген шешімдер де орын алды. Шешімдері көп бұзылған топтың басында Қызылорда қалалық соты тұр. Мұнда өткен жылы 16 шешім бұзылған.

Сыбайлас жемқорлыққа байла­нысты 42 адамға қарсы 36 іс қоз­ғалды. Олардың 54,8 пайызына бас бостандығынан айыру жазасы қол­да­нылды. Олардың дені бөтеннің мүлкін иемденгені, пара алғаны, қызмет бабын кереғар пайдаланғаны, пара бергені үшін сотталып отыр. Ал есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстар бойынша 2009 жылы облыс көлемінде 158 адам сотталды.

Прокурордың наразылығымен 26 қылмыстық іс апелляциялық алқада қаралды. Оның 23-і қанағаттан­дырылды. Қадағалау алқасында апелляциялық алқаның 3 қаулысы бұзылып, 11 қаулы өзгертілді. Статистикалық мәлімет Жаңақорған және Жалағаш аудандық соттарының өзгертілген үкімдерінің саны екі есеге өскендігін көрсетеді. Облыс көлемінде қылмыстық істердің процессуалдық мерзімі бұзылып қаралуы орын алған жоқ.

Соңғы жаңалықтар