19:25, 15 Шілде 2022 | GMT +5
Қызылорда облыстық сотының төрағасы тағайындалды
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облыстық сотының төрағасы тағайындалды. Бұл қызметке Әділхади Шиғамбаев келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ә. Шиғамбаев 1994-1998 жылдары Алматы қаласындағы Әуезов аудандық прокуратурасында аға тергеушінің стажері, аға тергеуші, Алматы қалалық прокуратурасында аса қауіпті қылмысты анықтау бөлімінде аса ауыр істер бойынша тергеуші болған.
1998 жылдан бастап Маңғыстау облысы Ақтау қалалық сотының судьясы, төрағасы, Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы, Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы, Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы қызметтерін атқарған.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысы табиғи ресурстар басқармасының басшысы тағайындалды.