18:56, 01 Шілде 2009 | GMT +5
Қызылорда облыстық "Сыр бойы" газетінің шыға бастағанына 80 жыл толды
ҚЫЗЫЛОРДА. Шілденің 1-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Бүгін Қызылорда облыстық "Сыр бойы" газетінің шыға бастағанына 80 жыл толды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аймақтың аға басылымы атанып отырған бұл баспасөз құралы алғаш рет 1929 жылғы шілденің 1-і күні осы "Сыр бойы" деген атауымен жарыққа шыққан. Арада үш жыл өткенде ол "Ленин туы" деген атауға ауыстырылды. Ал 1938-1991 жылдар аралығында "Ленин жолы" болып тарады. Ел егемендік алуымен бірге басылым өзінің ең бірінші атуын қайтып алды. Бүгінде аптасына 4 мәрте шығатын газеттің таралымы 27 мыңға жетіп отыр.
Газет өзінің 80 жасқа толған бүгінгі күнін 16 беттік "толыққанды топтамамен" қарсы алды. Ол облыс әкімі Болатбек Қуандықовтың мерекелік құттықтауымен ашылады. Бұл нөмірде сондай-ақ басылымда әр жылдары қызмет атқарған бірқатар қаламгерлер туралы естеліктер топтамасы жарияланған.