Қызылорда облысы әкімдігі мен «ҚазЭнерджи» қауымдастығы арасында меморандумға қол қойылды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - «ҚазЭнерджи» қауымдастығының және «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келіп, облыс орталығының бірқатар нысандарын аралады. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Кездесу барысында «ҚазЭнерджи» қауымдастығы мен Қызылорда облысының әкімдігі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев айтып өткендей, меморандум шеңберінде аймақтың жер қойнауын пайдаланушыларымен белсенді түрде жұмыс жасау жолға қойылатын болады. Меморандум қауымдастық пен облыстың жергілікті атқарушы билігінің күш-жігерін біріктіру арқылы мұнай-газ саласының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге және осы сала бойынша кадрлар әзірлеуге, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың қаражатын аймақ игілігіне қолдануға өз септігін тигізетін болады.

Содан соң, ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаевтың қатысуымен Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Онда өңірдегі Индустрияландыру картасы аясындағы жобалардың жүзеге асырылу барысы, отандық тауар өндірушілерді қолдау мәселелері талқыланды.

ҰКП Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев Палата үшін ағымдағы жыл «Өңірлер жылы» деп жарияланғанын, яғни Палатаның аймақтық филиалдарының дамуына ерекше көңіл бөлінетінін жеткізді. «Палата жұмыс жасағалы бір жылдан сәл асты, алайда барлық облыстарда филиалдары құрылып үлгерді. Ө ңірлерде кәсіпкерлікті дамытудың Жол картасы қабылданды. Өңірлік карта аймақтың нарық өзгешелігін, сонымен бірге отандық тауар өндірушілердің ірі ұлттық және жүйе құрушы компаниялармен ұзақ мерзімдік келісім-шарттары негізінде дайын өнімді өткізу мүмкіндіктерін көрсетуге тиіс», - деді Т.Құлыбаев.

Сонымен қатар, облыс әкімі Қырымбек Көшербаев өңірдегі кәсіпкерлікті дамыту жағдайына тоқталды. Қызылорда облысында жылына екі рет бизнес-ахуалды жақсарту және облыстың қаржылық инфрақұрылымын дамыту мақсатында инвестициялық форум өткізіледі. Соның нәтижесінде аймақ үшін маңызды шыны зауытының, күн электр станциясының, «Шалқия» металлургия зауытының құрылысы туралы келісімдерге қол қойылды. Ағымдағы жылы Қызылорда облысы буферлік аймақтан шығады, бұл мал шаруашылығын дамытуда жаңа серпіліс береді.

Сондай-ақ, облыста газдандыру жұмыстары белсенді жүргізілуде, Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі (ЕҚДБ), Азия Даму Банкі (АДБ), Ислам Даму Банкі (ИДБ) сияқты ірі қаржы институттарымен ынтымақтастық орнатылған. Бұл келісімдердің барлығы кәсіпкерлікті дамытуға септігін тигізеді.

Кездесуді қорытындылаған Т.Құлыбаев кәсіпкерлер тарапынан көтерілген мәселелердің барлығы да шешімін табатынын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар