Қызылорда облысы әкімдігінде «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының жүзеге асу жайы қаралды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. 29 маусым. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы әкімдігінде «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының жүзеге асу жайын талқылаған кеңес болып өтті.

Кеңесті жүргізген облыс әкімінің бірінші орынбасары Ырзағұл Нұртаев бағдарлама аясында қазірге көптеген жанды жұмыстардың жүргізілгенін айтып өтті. Ал облыстық жұмыссыздықты үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы Жазира Жылқышиева атқарылған істерден гөрі, осы орайда аяққа оралғы болып отырған проблемаларға көбірек назар аударды.

Тұтастай алғанда, бағдарлама шеңберінде қазір мыңнан аса адам кәсіби оқуға тартылады. Тағы мың адам қайта дайындықтан өткізіледі. Жұмыспен қамту орталықтарында қазіргі таңда үш мыңнан астам адам кезекте тұр. Олардың 2904-імен әлеуметтік келісім-шарттар жасалған.

Отырыста Ы.Нұртаев аудан басшыларын аталмыш бағдарламаны жүзеге асыруға белсенді араласуды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар