Қызылорда облысы әлеуметтік маңызды салаларда бірқатар жетістікке жетті - Н.Байқадамов

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Наурызбай Байқадамов баяндама жасады. Оның айтуынша, Қызылорда облысында білім, денсаулық сақтау, ауылдық жерлерде өмір сүру деңгейін арттыру сияқты әлеуметтік маңызды салаларда бірқатар жетістікке жеткен.
- Біздің есебімізше, 2013-2015 жылдары облыста құрылыс, әлеуметтік нысандарды және жолдарды жөндеу секілді 420 жақсы жаңалық болыпты. Орташа есеппен әрбір үш күн сайын жағымды жаңалық орын алған,- деді Н.Байқадамов. - Расында, облыста атқарылған жұмыс аз емес. Бірақ бұл тоқмейлісуге болады дегенді білдірмейді. Бізге партияның қолдауы және бақылауы қажет. Мысалы, партия мүшелері халыққа қарапайым тілмен қазіргі дағдарыс кезінде үлкен той жасап, шығынға батудың қажеті жоқ екенін түсіндіру керек. Одан да сол қаржыны балалардың оқуына немесе баспаналарына жұмсағаны абзал, - деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев. Сондай-ақ, жиында Саяси кеңесі Бюросы жұмысының регламенті мен Қызылорда облыстық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясы» қоғамдық бірлестігінің депутаттық фракциясы туралы ережесі, жұмыс жоспары, қабылдау кестесі бекітілді. Басқосуда 4 адам партия мүшелігіне өтті. Аймақ басшысы жаңа партияластарына сәттілік тіледі.