Қызылорда облысы бойынша мәслихат депутаттарына барлығы 152 мандат бөлінген
Сыр өңірінде барлығы 516 сайлау комиссиясы бар. Оның 9-ы аумақтық болса, 134-і округтік, 373-і учаскелік сайлау комиссиясы саналады.
«Облыста 20 қаңтардан бастап барлық сайлау комиссиялары өз жұмысын бастады. Қызылорда облысы бойынша мәслихат депататтарына барлығы 152 мандат бөлінген. Сайлау науқанында азаматтар дауыс беру учаскесін нақтылау үшін 20 қаңтардан бастап «Өзіңді сайлаушылар тізімінен тексер» сервисі іске қосылып, 109 call-орталығы өз жұмысын бастады. Сайлаушылар telegram-бот және «Smart Qyzylorda» мобильді қосымшасы арқылы өз-өзін тексере алады», - деп мәлім етті облыстық сайлау комиссиясынан.
Мамандардың айтуынша, сайлау туралы ақпараттардың ашықтығын қамтамасыз ету үшін облыстық сайлау комиссиясының әлеуметтік желі беттерінде арнайы аккаунттар ашылды.
Еске салсақ, ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауында 12 млн-ға жуық азамат таңдау жасайды.