Қызылорда облысы бюджетінің нақтыланған көлемі - 103,7 млрд. теңге

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгінгі таңда облыстық бюджеттің нақтыланған көлемі 103,7 млрд. теңгені құрап отыр. Жарты жыл ішінде оның мөлшері 50 млрд. теңгеге өсті. Бұл жолы депутаттар қарауына нақтылау үшін 4,3 млрд. теңге ұсынылды. Қаржы облыстың әлеуметтік салаларына жұмсалатын болады. Оның негізгі бағыттары комиссиялардың біріккен отырысында алдын ала талқылаудан өтті.
Мәслихат депутаттары Нұрлан Құдайбергенов, Қылышбек Әбішов, Нұрмұрат Ерманов, Самұрат Имандосов, Алтынбек Шоманов, Алмагүл Божанова, Әділбек Әйімбетов, Ақмарал Әлназарова тағы басқалар өздері сайланған округтер бойынша шешімін күткен мәселелерді ортаға салды. Олардың қатарында мектептерді күрделі жөндеуден өткізу, Жалаңтөс Баһадүрге ескерткіш орнату, суармалы егіншілік жүйелерін қалпына келтіру, балық шаруашылығын дамыту, ауызсу, Н.Бекежанов атындағы музыкалық-драма театрын жөндеп, оны жабдықтау және тағы басқа мәселелер қозғалды.
Сессияда сондай-ақ бюджетті толықтырулар мен өзгерістерге қатысты басқа да мәселелер қаралды.