Қызылорда облысы Қытаймен байланыс орнатты
Делегацияны Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев бастап барды. Аймақ басшысы Нинся автономды өлкесінің губернаторы Лю Хуэймен кездесіп, сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға байланысты меморандумға қол қойды.Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Екі өңірдің байланысы Қазақстан-Қытай арасындағы достастықты арттыра түспек. Бұл байланыс қос тарап үшін де мол мүмкіндік береді. Облыс әкімі Қ.Көшербаев Қызылорданың даму келешегі туралы баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті. Сапар барысында қызылордалық делегат Нинся автономды өлкесіндегі ірі кәсіпорындарды аралап көрді. Әсіресе, металлургия саласында жұмыс жасап жатқан өндірістерге ерекше назар аударды. Сонымен қатар, қытайлықтар индустриалды аймақ, мұнай-химия кешені бағытындағы тәжірибелерімен бөлісті. Алдағы уақытта екі өңір әлеуметтік-экономикалық әріптестік байланыста тығыз жұмыс жасауға ниетті екендіктерін білдірді.