Қызылорда облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Бұл қызметке Динара Олжабайқызы Жанабергенова тағайындалды. Ол 1979 жылы Қызылорда облысы Жалағаш ауданында дүниеге келген. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Дәрігер-гигиенист, эпидемиолог» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2002 жылы Жалағаш аудандық санитарлық- эпидемиологиялық станциясының еңбек гигиенасы бойынша санитарлық дәрігері болып бастаған. Одан кейінгі жылдарда Жалағаш аудандық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасында, Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінде қызмет атқарды. 2012 жылдан Сырдария аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы болса, 2017-2020 жылдарда Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінде бөлім басшысы болды.
Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлімі басшысы қызметін атқарды.