Қызылорда облысы табиғи апаттар кезіндегі құтқару жұмыстарына дайындалды

ҚЫЗЫЛОРДА. 16 ақпан. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында қысқы маусымдағы дағдарыстық жағдайлардың салдарын жою және
None
None

Сырдария өзенінің арнасынан тасуы жағдайында облыстың халқы мен аумағын қорғау мақсатында командалық-штабтық оқу-жаттығу жиыны болып өтті. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Оқу-жаттығу жиыны Қызылорда қаласын, Арал, Қазалы, Қармақшы, Жаңақорған, Сырдария және Шиелі аудандарын қамтыды.Оған аудандар әкiмдерiнiң аппараттары,төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиялар, азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардың қызметтерi, апатты-құтқару қызметтерiнiң күштері мен құралдары, азаматтық қорғаныс құрылымдары, ұйымдар, мекемелер мен кәсiпорындар қатысты.

Жаттығу барысында күштер мен құралдарды басқару негіздерінің орналастырылуын, құлақтандырудың шартты белгілерінің және басқа да хабарламалардың уақытылы және сапалы өтуін бақылау ұйымдастырылды. Бұдан басқа, жинақтау-қауіпсіз аумаққа шығару және эвакуациялық қабылдау пунктерінің зардап шеккендерді қабылдау бойынша іс жүзіндегі жаттығулар өткізіліп, құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды орындау кезінде апатты-құтқару қызметтерінiң күштерін жедел басқару тәртiбi анықталды.

Соңғы жаңалықтар