15:13, 01 Шілде 2010 | GMT +5
Қызылорда облысы «Жол картасы» бағдарламасы арқылы биыл 3183 жаңа жұмыс орнын ашуға үміттенеді
ҚЫЗЫЛОРДА. Шілденің 1-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Сыр бойында «Жол картасы» бағдарламасының үстіміздегі жылғы жүзеге асырылуы барысында 3183 жаңа жұмыс орнын ашу көзделген болатын.

Қазірге дейін осы жобадағы 800 орынға жұмыс қолдары тартылды. Бұдан бөлек, осы жылы әлеуметтік жұмыс орындарындағы 500 адамға 60,0 млн. теңге қаржы қаралды. Алдын ала келісім шартқа отырған 51 мекемеге 370 адам қамтылып, оларға 17,6 млн. теңге еңбекақы төленді. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан жұмыссыздарға мемлекеттік бюджет есебінен 20 мың теңге, жұмыс берушінің өз қаржысы есебінен осыншама көлемде еңбекақы төленеді. Алайда, әлеуметтік жұмыс орындарына еңбек ету ұзақтығы бір жыл көлемінде алты айдан аспауы тиіс.