17:54, 23 Маусым 2010 | GMT +5
Қызылорда облысында 132 мың жалдамалы қызметкер еңбек етеді
ҚЫЗЫЛОРДА. Маусымның 23-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Қызылорда облыстық статистика департаментінің мәліметі бойынша, қазіргі таңда Сыр өңірінде132 мың жалдамалы қызметкер осында алуан салада жұмыстар атқарып жүр.

Облыс еңбек рыногы мен еңбекақы төлеу саласындағы жағдайды білдіретін бұл факторды одан әрі талдасақ, аталған адамдардың 116,6 мыңы аймақтағы ірі және орта кәсіпорындарда жұмыс жасайтынын айтқан болар едік. Олардың да денін облыс аумағында жүргізіліп жатқан «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» күрежолының ауқымында еңбекке тартылғандар құрайды.