Қызылорда облысында 185 мыңнан астам адам ревакцинациядан өтті

Өткен жылдың 22 қарашасынан бастап вакцинаның 2 компонентімен қамтылып, 6 ай аралық мерзім өткен азаматтарға бустерлік дозаны егу ұсынылды.
«Облыс бойынша ревакциналау қарқыны жаман емес. Еліміз бойынша алдыңғы қатарда келеді. Өткен жылдың 22 қарашасынан басталған ревакцинациядан 185 664 (74,5 пайыз) тұрғын өтіп, вирусқа қарсы иммунитетін күшейтті», - деп мәлім етті облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.
Ведомствоның мәліметінше, өңірдегі барлық екпе кабинетінде ревакцинация, вакцинация жасауға екпе қоры жеткілікті. Қызылорда облысы бойынша 22 медицина мекемесінде коронавирус инфекциясына қарсы егу жұмыстары жүргізілуде. Олардың 13-і қалада орналасса, 9-ы аудандарда қызмет көрсетеді.
Еске салсақ, Қызылорда облысында тұмау жұқтырғандар саны артты.
https://lenta.inform.kz/kz/kyzylorda-oblysynda-tumau-zhuktyrgandar-sany-artty_a3914796