Қызылорда облысында 2,5 жылда кәсіпкерлердің 1,16 млрд теңгесі үнемделді

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 2,5 жылда кәсіпкерлерді 1,16 млрд теңгесі үнемделді. Бұл жөнінде облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Дархан Мырзалиев мәлім етті.
None
None

«Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының атына құрылған күнінен бастап кәсіпкерлік субъектілерінен 380 өтініш түсті. Оның ішінде 300 кәсіпкердің құқығы қалпына келтіріліп, 1 млрд 160 млн теңгеден астам қаржысы сақталып қалды», - деді Дархан Мырзалиев.

Прокуратура органдарымен жүргізілген бірлескен шаралардың нәтижесінде 17-ден астам лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Кәсіпкерлер палатасы тағы бір функцияларының бірі - сотта кәсіпкердің заңды мүддесін білдіру болып табылады. Бүгінгі күнге дейін палата заңгерлері 30-дан астам сот процестеріне қатысып, нәтижесінде істің 80 пайызға жуығы кәсіпкерлердің пайдасына шешілді.

Сонымен бірге, Палатамен кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілетін әкімшілік кедергілерді анықтау мақсатында тиісті мемлекеттік орган өкілдерімен кәсіпкерліктің әр түрлі саласына қатысты кездесулер өткізілуде.

Бүгінгі күнге заңның жетілдірілмеген тұсына қатысты 73 әкімшілік кедергі анықталып, Кәсіпкерлер палатасы, мемлекеттік органдар және кәсіпкерлермен бірге 60-тан астам ұсыныс әзірленді.  Нәтижесінде оның 17-сі қабылданып, қолданыстағы заңнамаларға өзгеріс енгізілді.

Соңғы жаңалықтар